Google корпорациясы Huawei компаниясының Android-ты қолдануына шектеу енгізді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3072

Reuters - АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Google компаниясы аталмыш кәсіпорынмен бизнес-байланыстарын үзді. Бұл туралы "Мәдениет порталы" Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

фото frandroid.com  Google компаниясының ресми өкілінің айтуынша, бұл шешімнің Huawei бұған дейін сатқан смартфондарына қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай Google қосымшаларын жүктеп, оларды ұдайы жаңарта алады.  

«Біз бұйрыққа сәйкес әрекет етіп, оның салдарын зерделеп жатырмыз. Google Play қосымшасы Google Play Protect қорғанысы қолданыстағы Huawei құрылғыларында жұмыс істей береді» - дейді ресми өкіл.

 Мұндай қадам Huawei компаниясына Қытай аумағынан тыс жерлерде смартфон өндіру бизнесіне кедергі келтіруі мүмкін. «Huawei-дің алдағы уақытта шығатын Android-та жұмыс істейтін смартфондары Google Play Store, Gmail және YouTube сияқты танымал ресурстарын аша алмайды. Huawei үшін Android-тің тек жалпыға арналған жүктемелері ғана қолжетімді болады», делінген Reuters ақпаратында. Еске сала кетсек, 16 мамырда АҚШ Президентінің әкімшілігі Huawei Technologies Co Ltd компаниясын қара тізімге кіргізген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...