Әлемді жайлаған құрғақшылық Еуропаға да қатер төндіруде. Италияда Гарда көлі тартылып қалды.Гарда кө...
Англияда пойыздардың соқтығысуынан 80-нен астам адам зардап шекті
ашық дереккөз
Англияның Бедфорд ауданында екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан 80-нен астам адам зардап шекті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ұлыбритания көлік полициясының мәліметінше, жарақат алғандардың 33-і ауруханаға жеткізілген. Олардың 11-інің жағдайы ауыр деп бағалануда. Сонымен қатар, ондаған адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.
Апат салдарынан бір адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, көз жұмған азамат пойыздардың бірінің машинисі болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ноттингемнен Лондонға бағыт алған пойыз қауіпсіздік жүйесіндегі ақауға байланысты жол үстінде тоқтап қалған. Осыдан кейін оның артынан келе жатқан екінші жолаушылар пойызы тоқтап тұрған құрамның соңғы бөлігіне соғылған. Соққының күшті болғаны соншалық, вагондардың бірі рельстен шығып кеткен.
Оқиға орнына бес санитарлық тікұшақ, ондаған жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді. Апат болған теміржол учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Британдық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі пойыз да Лондондағы Сент-Панкрас вокзалына қарай бет алған. Билік өкілдері апаттың мән-жайын жан-жақты зерттеп, теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.