Желіде нүкте жариялаған блогер 12 жылға сотталды

Фото: HosseynShanbehZaadeh Twitter

Әлем
263

Иранда блогер Хоссейн Шанбехзаде Twitter-де нүкте жариялағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бұл постын елдегі режимге қарсы шығу деп тапқан, деп хабарлады madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап.

Оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің постына нүкте қалдырған жауабы үшін кінәлі деп танылды. Оның жауабы Аятолла Хаменеидің жазбасынан екі есе көп лүпіл жинады.

Иранда нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады екен.

Тұтқынға алынғаннан кейін Шанбехзаденің Twitter аккаунты жойылды, бірақ оның есімі желіде парсы тіліндегі ең танымал болып саналады. 

Шанбехзадеге "Израильді қолдап үгіт-насихат жүргізгені үшін" бес жыл, "исламдық қасиетті орындарды қорлағаны үшін" 4 жыл, "жалған ақпарат таратқаны үшін" 2 жыл және "мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін" тағы бір жыл берілді.

Шанбехзаде бұған дейін әлеуметтік желіде билікті сынағаны үшін түрмеге жабылды. 2019 жылы оған "мешіттер мен Ислам Республикасының басшысын қорлады" деген айып тағылды.

Адвокаттың айтуынша, сот үгіт-насихат әрекетіне қатысты ешқандай дәлел келтірмеген, айыптау оның жеке хат-хабарларының мазмұны негізінде қозғалған. Қорғаушы тарап үкімге шағымданбақ.

 

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...