Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

ашық дереккөз

Әлем
561

Дональд Трамп Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық ашпаса, елдің электр станцияларын «жойып жіберетінін» мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

АҚШ президенті бұны өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында жариялады. 

"Егер Иран қауіп-қатерлерден бас тартып, Ормуз бұғазын осы сәттен бастап 48 сағат ішінде толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың түрлі электр станцияларын ең үлкенінен бастап жояды", — деп жазды Трамп өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында.

Бұған дейін ол осы платформада АҚШ «Иранды картадан өшірді» деп мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Трамп Иран бойынша мақсаттарына жете алмады деген болжамдарды жоққа шығарды.

"Иә, жеттік, тіпті жоспарланған мерзімнен бірнеше апта бұрын. Олардың басшылығының көзін құрттық, әскери-теңіз күштері мен әуе күштері күйреді, қорғанысы мүлде жоқ, енді олар келісім жасағысы келеді. Ал мен — жоқ", - деп жазды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...