15 жастағы әке өз баласын өлтірмек болған

сурет: egemen.kz

Әлем
2224

Мәскеу облысының Орехово-Зуево қаласында полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені өлтіруге оқталды деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді ұстады. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы хабарлады, деп жазды madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 26 ақпанда жасөспірім кәмелетке толмаған қызбен бірге пәтерде дүниеге келген нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. Өтіп бара жатқан адамдар баланың жылаған дауысын естіп, оны құтқарып қалды.

Ұсталған жасөспірімнің баланың әкесі екені анықталды. Ол РФ Қылмыстық-процестік кодексінің 91-бабынасәйкес қамауға алынды.

Ал нәрестенің анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, профилактикалық бақылауға алынған. Жақын арада жасөспірімге бұлтартпау шарасы белгіленеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...