Ауғанстанның нан сатушылары Қазақстандық ұн өңдірушілерге ренжіп жатыр

коллаж: madeniportal.kz

Әлем
271

Танымал жиһанкез, фотограф Ернар Алмабек Ауғанстанда саяхаттап барған, деп хабарлады madeniportal.kz.

 Бүгінде тәліптер билік құрып отырған бұл ел көпшілікке жұмбақ көрінеді. Ернар Алмабек елдің ішкі тынысымен бөлісіп, бейнелер жариялады.

«Қазақтың ұны. Ауғанстанның бүтін халқы осы ұнды пайдаланады. Нанды тек осы ұннан пісіруге тырысады. Өйткені өте жұмсақ әрі дәмді болады. Қазақстанның басқа да өнімдері Ауғанстанда көп сұранысқа ие. 

Сонда да кейбір көшеде нан пісірушілер қазір оның сапасы нашарлап кеткенін айтты.

«Қазақстан жаман ұн жібереді. Қаптағы ұн елу килограмм десе дағы, іс жүзінде одан аз болып шығады», - деп жатты ауғанның нан сатушылары.

Блогер қазақстандық ұн өндірушілерге өтінішін айтты.

«Ұят болған екен. Құрметті еліміздің ұн өндірушілері. Қазақстанның ұны сәл нашарлап кетті дейді. Екіншіден қаптың аузын толтырмай береді екенсіздер. Екі-үш килограмм жетпей қалады елу килограмға. Сондықтан толтырып жіберіңіздер. Мүмкіндігінше асырып жіберіңіздер», - деді блогер Ернар Алмабек.

Айта кетейік, бұл видео ғаламторда 6 ай бұрын жарық көрген. Алайда желі қолданушылары арасында енді ғана танымалдылыққа ие бола бастаған.