Бішкекте екі қолы жоқ қызды зорлап кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1543

Бішкек қаласында бірінші топтағы мүгедектігі бар 21 жастағы қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

24kg басылымының жазуынша, Ленин аудандық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, 22 мамырға қараған түні 102 нөміріне жәбірленушінің анасы қоңырау шалған.

«Әйелдің айтуынша, 21 мамыр кешкісін таныс жігіт оның қызын алдап көлікке отырғызған. Содан кейін күш қолданып, зорлаған. Жәбірленушінің екі қолы жоқ екені белгілі», – делінген хабарламада.

Ленин ауданының полициясы мен прокуратурасы дереу оқиға орнына барған. Қазіргі уақытта 21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 154-бабы – «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...