5-сынып оқушысы қатарласын және күзетшіні пышақтап тастады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
960

Ресей Федерациясының Жаңа Уренгойда округында 5-сынып оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алған, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Жаңа Уренгойда мектеп оқушысы қатарластарының мазағына шыдамай, қорлық көрсеткендерге қарсылық білдіру мақсатында шабуыл жасаған. Бұл туралы алғаш рет «База» Telegram арнасы хабарлаған, кейін ақпаратты ресми органдар растады. 

Оқиға Жаңа Уренгой қаласындағы №3 мектепте болған. 5-сынып оқушысы өз сыныптасын пышақпен жараламақ болған. Ямал-Ненец автономды округінің білім беру департаменті түсіндіргендей, «оқушылар арасында үзіліс кезінде жанжал туындаған. Ешкім ауыр жарақат алмаған және медициналық көмек қажет болмаған».
Баланың айтуынша, сыныптастары оны артық салмағына бола үнемі мазақтап, "семіз" деп атап келіпті. Ең жиі келемеждейтіндердің бірі — оның сыныптас қызы болған. Сабыры таусылған бала мектепке жиналмалы пышақ алып келіп, сол қызға шабуылдаған. Абырой болғанда, қыз қысқы күртеше киіп жүргендіктен, пышақ денесіне өтпеген.

Оқиғаға мектептің күзетшісі араласқан. Алайда ашуға булыққан бала күзетшінің де мойын тұсына пышақ сұғып жіберген. Соған қарамастан, күзетші баланы тоқтатуға үлгеріп, дабыл түймесін басып, жедел келген полицияға тапсырған.
ЯНАО тергеу комитетінің мәліметінше, күзетшінің беті тілініп кеткен, дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткен. Сондықтан ауруханаға жатқызуға негіз жоқ.

Оқиғадан кейін мектепке қалалық прокурор Александр Строгалев, тергеу комитетінің қызметкерлері және Жаңа Уренгой қаласының әкімі Антон Колодин келген. Тергеушілер екі бірдей қылмыстық іс қозғады: мектеп пен күзет қызметі қауіпсіздік талаптарына сай қызмет көрсетпеді деген күдікке ілінген.

Ал шабуыл жасаған бала психоневрологиялық диспансерге жіберілді. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де осы мекемеде есепте тұрған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Biz Birgemiz Qazaqstan қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі Астана қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында жасөспірімдер суға түсуге арналмаған орында батып кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL...