Төрт дүркін Олимпиада чемпионы инсульт алып, реанимацияда жатыр

Раиса Сметанина / Фото: © РИА Новости / Павел Бедняков

Әлем
2831

Кеңес одағы мен Ресейдің танымал шаңғышысы, төрт дүркін Олимпиада чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы, бірнеше дүркін СССР чемпионы Раиса Сметанина инсульт алып, жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы Ресей Федерациясының Коми Республикасының шаңғы жарыстары федерациясының төрағасы Константин Собянин мәлімдеген.

"Раиса Петровна шамамен бір апта бұрын инсульт алды, қазіргі уақытта ол ауруханада реанимацияда жатыр. Басқа ақпарат жоқ, дәрігерлер ештеңе айтпайды және болжам жасамайды. Оның денсаулығы үшін дұға етеміз", - деді К. Собянин.

Сметанина 72 жаста, оның қоржынында Олимпиада ойындарынан төрт алтын, бес күміс және бір қола медаль бар. Әлем чемпионаттарында Сметанина төрт алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...