Илон Маск роботтардан әскер жасақтап жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1996

Tesla корпорациясының бас директоры Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) тікелей эфирде 2025 жылдың соңына дейін 5 000 Optimus роботын өндіріп шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазды MADENIPORTAL.KZ.

Tesla-ның тоқсандық нәтижелерін таныстыру кезінде Маск 10 000 роботтың жартысын сатуды үлкен жетістік деп есептейтінін айтты. Сондай-ақ, ол 5 000 роботтың өзі рим легионының көлеміне тең болатынын атап өтті.

«Менің ойымша, біз шын мәнінде легион құрып жатырмыз: биыл бір роботтар легионын, ал келесі жылы 10 легионды жасауымыз мүмкін», — деді Маск.

Масктың айтуынша, роботтарды өндіру Tesla үшін мүлде жаңа бағыт болып саналады. Сондықтан компанияның қателіктер жіберіп алуы әбден мүмкін. Бірақ ол осы роботтарды Tesla-ның болашақ активі деп атап, интеллекті, адамға ұқсас роботтарды жасау маңызды екенін және олар қоршаған ортаны түсініп, берілген тапсырмаларды орындай алатынын айтуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...