«Қайрат» футболшылары жолдастық кездесуде қарсыласымен төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Әлем
1671

Алматының «Қайрат» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Боснияның чемпионы «Борац» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Есеп 0:0 күйінде қалып, қос команда тең тарқасты. Бір айта кетерлігі, «Борац» командасы кездесудің соңында пенальтиді орындай алмай қалды.

Төрешінің ысқырығы естілгеннен кейін қос команданың ойыншылары жаппай төбелесті. Даудың басы «Қайрат» ойыншысының басымен қарсыласының бетінен ұрып жібергенінен басталған.

Айта кетейік, «Борац» – Босния және Герцоговинаның қазіргі чемпионы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...