«Қаза тапқандар бар»: Түркияда жойқын жарылыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1465

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясындағы жарылғыш заттар зауыты жарылып, 12 адам қаза тапты. Тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық, оны көрші ауылдың тұрғындары да сезінген. Жарылыстан кейін ғимараттың төбесі құлаған. Үйінділердің астындағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Құтқару операциясына 112 жедел жәрдем бригадасы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылған. Жарылыс өндіріс цехында болған. CNN хабарлауынша, зауытта бір ауысымда 20 адам жұмыс істейді. Жаңа жарылыс қаупі жоқ, деп хабарлады провинция губернаторы Исмаил Устаоғлы.

Жарылысұа не себеп болғаны әлі белгісіз. Бірақ өңір басшысының айтуынша, диверсия жайлы әңгіме жоқ. Прокурорлар тергеуді бастады.

Кәсіпорынның веб-сайтына сәйкес, зауытта, басқалармен қатар, аң аулау мен спортқа арналған оқ-дәрілер және азаматтық пайдалану үшін жарылғыш заттар шығарылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...