Жолбарыс қорық қарауылын боршалап тастаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1262

Үндістандағы Перияр ұлттық қорықтарының бірінде жолбарыс қарауылға шабуыл жасап, оны өлтірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Oxu.Az сайтының хабарлауынша, бұл туралы 14 қазанда The News Indian Express газеті жазды.

«Жолбарыс жартылай жеп қойған қарауылдың денесі Сабараимала орманындағы Поннампаламеду ауданынан табылды. Қайтыс болған адамның жеке басы 32 жастағы Анил Кумар екені анықталды», — делінген басылымда.

Басылымның мәліметінше, Кумар үш күн бойы оралмаған соң іздеу операциясы ұйымдастырылған. Іздеу барысында оның денесі табылып, алғашқы болжам бойынша ол жолбарыстың шабуылынан қаза тапқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...