Қырғызстанда хиджаб киюге тыйым салынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1694

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дін мәселелерін реттейтін заңға қол қойды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, қазір қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде "азаматтың жеке басын анықтауға" мүмкіндік бермейтін киім киюге болмайды. Ерекшелік тек еңбек және қызметке байланысты арнайы киім үшін болады. Заңды бұзғандарға 20 мың сом айыппұл салынады (бұл шамамен 120 мың теңге).

Жаңа ережелер сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйлерінде, түрмелерде, әскери бөлімдерде діни рәсімдерді өткізуге тыйым салады.

Сонымен қатар, заң діни әрекеттерді "мәжбүрлегені" және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жазаны қарастырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...