Қытайда төтенше жағдай режимі енгізілді

ашық дереккөзден алынған

Әлем
2418

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, соңғы деректерге сенсек, табиғи апат салдарынан 95 адам қаза тапқан. Ал Қытайда төтенше жағдай режимі енгізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...