Шұғыл! 176 жолаушы мінген ұшақ өртеніп кетті

шедеврум

Әлем
4807

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті, деп хабарлады madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақта 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі траптар арқылы дер кезінде эвакуацияланған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақаттар алған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың құйрық бөлігінде басталып, тез арада ұшақтың барлық бөлігіне тарап үлгерген. Ұшақ толығымен жанып кетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...