Түнгі клубта 79 адам қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1178

8 сәуір, сейсенбі күні кешке Доминикан Республикасында түнгі клубтың төбесі құлап, кемінде 79 адам қаза тапты, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Құтқару қызметінің директоры Хуан Мануэль Мендестің айтуынша, тағы 155 адам жарақат алған, бірақ құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Шамамен 400 құтқарушы үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ел астанасы Санто-Домингода орналасқан танымал Jet Set клубының төбесі меренге жанрының әйгілі орындаушысы Рубби Перестің өнер көрсетуі кезінде кенеттен құлаған. 69 жастағы әнші де үйінді астында қалып қойған. Оның қызының айтуынша, әкесінің тірі екенін ол оқиғадан бірнеше сағат өткен соң ғана білген. Әнші жарақат алған және әлі де үйінді астында. Куәгерлердің айтуынша, төбе кенеттен құлаған – олардың бірі алдымен жер сілкінісі деп ойлап, жерге жатып, басын қолымен жапқан. Тағы бір куәгердің айтуынша, алдымен төбеден сылақ түскен, кейін үстелге тас құлаған, ал содан кейінгі соққыны ол цунами не жер сілкінісімен салыстырған.

Билік апат кезінде түнгі клубта қанша адам болғаны жөнінде ақпарат берген жоқ. БАҚ мәліметінше, 500-ден 1000-ға дейін адам болған.

Ел президенті Луис Абинадер Санто-Домингодағы қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...