Сот әкесінің жүрегіне пышақ сұққан ер адамды жазадан босатты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1295

Бакудің аса ауыр қылмыстар жөніндегі сотында өз әкесіне пышақ жарақатын салды деп айыпталған қала тұрғыны Эльвин Агаевтың қылмыстық ісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлады   MADENIPORTAL.KZ.

Oxu.Az хабарлағандай, судья Махира Керимованың төрағалығымен өткен сот отырысында айыпталушыға қатысты үкім жариялады.

Сот Э. Агаев қылмыс жасаған сәтте ақыл-есі дұрыс болмаған деген қорытындыға келіп, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Айыптау нұсқасына сәйкес, оқиға өткен жылдың 3 қыркүйегінде Бакудің Сурахан ауданындағы Зых кентінде болған. 1986 жылы туған Э. Агаев денесіне татуировка жасатып, кейін оны өшіріп тастаған. Үйге оралған кезде әкесі бұл жағдайды көріп, Эльвинмен сөзге келіп қалған. Жанжалдың соңы Э. Агаевтың әкесін асүй пышағымен жүрек тұсынан ұруымен аяқталған.

Оны ұстау кезінде ақыл-есінің орнында еместігі анықталып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылған.

Оқиға бойынша Әзербайжан Қылмыстық кодексінің 126.1-бабы (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...