Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін келесі күні қайтыс болды

Ашық дереккөзден алынған

Әлем
2689

Әлеуметтік желілерде үйлену тойының келесі күні улы газдан уланып ер адам мен әйелдің қаза болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады madeniportal.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ташкент облысының Пскент ауданында болған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 желтоқсанда Пскент ауданының «Бірлік» махалласында 1995 жылғы ер адам мен 1997 жылғы әйел қайтыс болған.

Тергеуге дейінгі тексеру аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімге белгісіз заттан улану себеп болған.

Пскент ауданының прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеруді жалғастыруда.

 

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...