Өзбекстанда 5 жастағы қызға балабақша қызметкері тиіскен

Фото: freepik

Әлем
390

Өзбекстанның Наманган облысында мемлекеттік балабақшада 5 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалды деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Үшқорған ауданындағы балабақшалардың бірінде болған. Күдікті аталған мекемеде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қызға қатысты жыныстық зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті процессуалдық тәртіппен ұсталып, қамауға алынған. Іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 118-бабы 4-бөлігі және 112-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Қазір бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.

Баланың медициналық және гинекологиялық сараптамадан өткені хабарланды. Өзбекстанның Балалар омбудсмені істің тергелуін бақылауына алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман неліктен Салатанатқа оның мінезінің ауыр екенін ес...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың тойда түсірілген видеосы тарады. Кадрда бір бойжеткен дастар...