Ырысбала Икрамбай: "Біраз жылға жететін проблема жасап беремін"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1547

Қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, баспана сыйлап жүрген блогер Ырысбала Икрамбай бақсы-балгерлерді сотқа бермек, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Блогер жеке парақшасында есігінің алдында жүрген бейтаныс келіншектің әрекетін сынады. 

“Есігімнің алдына шашқан нәрселеріңді ұстап алып, ауыздарыңа тығамын. Сабырдың да шегі болатынын ескертемін. Төрт жағыма төрт тәуіп пен балгерді отырғызып қоюға шамам жетеді. Бірақ мен саналы түрде тек Алладан ғана қорқамын. Соған ғана сенемін. Алланың жаққан отын ақымақ үрлеп өшіре алмайды. Әуре болмасаңдаршы! Мен мұндай дүниелерді қабылдай алмаймын. Маған ақ батасын беріп, тілеуімді тілеп отырған халық бар. Алланың 99 есімінің бірі – Әл Халиқ. Ешкімнен пана таппаған қаншама адамға көмектестім. “Рақмет, Ырысты әпке” деп алғыс айтқан жетім балалар қаншама?! Біреуден қорқып отыруға уақытым жоқ екен”, – деп жазды блогер. 

Сонымен қатар желі жұлдызы бұл іс жалғаса берсе, сол адамдар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті. 

“Мен де кеше өмірге келген жоқпын. Азғындық жасау менің де қолымнан келеді. Енді есігімнің алдына келсе, үйге кіргізіп алып, мұрнын тегістеймін. Үйіме келіп, қастандық жасамақ болды, мен қорғандым” деп заң өкілдеріне ұстатып жіберемін. Біраз жылға жететін проблема жасап беремін. Дуа-пуаларыңды жинап алыңдар. Бұл дүниеде әркімнің тапсырысын орындамай, о дүниені де ойлап қойыңдар”, – деп ашуланды желі жұлдызы. 

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...