«Сүйінші!»: Айгүл Иманбаева жаңалығымен бөлісті

instagram/aigul_imanbayeva

Жаңалықтар
2952

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялап, көпшілікке дипломын көрсетті. Бір жыл бойы Англияда білім алған өнер иесі жақын арада елге оралатынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Өнер иесі туған еліне оралса да, Англияны сағынатынын жеткізді. Оның сөзінше, бұл мемлекетте ол білімін шыңдап, өзіне дос тапқан.

«Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрестіп, қуанышымды бөлісейін дегенім едім. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық», - деп жазды Иманбаева Instagram-дағы парақшасында.