Қазақстандық шахматшы жеңіске жетті

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
725

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әзірбайжанда өткен «Baku Open 2024» турнирінде 1-ші орынға ие болды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі azattyq-ruhy.kz сітеме жасап.

Сүйінші жаңалықты ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Baku Open 2024» шахмат турнирі аяқталып, әйелдер арасында 1-ші орынға ие болдым! Қымбатты жазылушыларым, маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін, сіздер ең үздіксіздер», - деп жазды шахматшы.

Шахматтан халықаралық турнир Әзірбайжан астанасында 28 маусымнан бастап өтті. Қазақстандық шахматшы турнирдің жалпы есебінде 19-шы орынды иеленді, әйелдер санатында жеңіске жетті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың долларды (шамамен 23 миллион теңге) құрады. Әйелдер арасында бірінші орын үшін Бибісара Асаубаева 1,5 мың доллар (720 мың теңге) ұтып алды.

Жаңалықтар

Астанада 39 жастағы әйел «Қазпошта» филиалдарының бірін қиратып кеткен, деп хабарлады ma...

Жаңалықтар

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды madeniportal.kz.&...