30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарла...
Дене шынықтыру мен спорттың ұлттық цифрлық платформасын (е-спорт) құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр – министр
Алқа мәжілісінде бірінші болып сөз алған Ермек Маржықпаев ел абыройын асқақтатар елеулі саланы дамыту, спортқа бейім, бәсекеге қабілетті бірегей ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптастыру – әрқайсымыздың борышымыз екенін атап өтті,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «бұқаралық спортты дамыту арқылы біз ұлтымыздың денсаулығын жақсартамыз, бүкіл еліміз мақтан тұтатын спорт жұлдыздарының жаңа буынын тәрбиелеп шығарамыз» деп айтқан болатын. Сонымен бірге спорт саласына түбегейлі өзгерістер қажет екеніне баса назар аударып, саланың стратегиялық дамуының басым бағыттарын белгілеп берді.
«Министрлік алдында бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктер спортын жетілдіруде ауқымды жұмыстар тұр. Бұқаралық спорт саулығымызды нығайтуға бағытталса, үлкен жетістіктерге жетелейтін спорт – елдің оң имиджін қалыптастырады. Осы ретте, Канвонда Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы өткенін білесіздер. Қазақстан құрамасы Корея жеріндегі байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді тарихи жүлделерімен қуантты.
Жерлестеріміз бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. Мұндай жеңістер үздіксіз дайындық пен қолдаудың арқасында келеді. Бұл ретте, былтыр біз саланың стратегиялық даму бағдарын айқындап, Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдадық», - деді Ермек Маржықпаев.