Абай облысының әкімі желіде тараған жазбаларды жоққа шығарды

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

ӨСЕК-АЯҢ
818

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қызы Мәриям Ұранхаеваға қатысты желіде тараған жазбаларды жоққа шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Журналист Асхат Ниязов Нұрлан Ұранхаевтан қандай жеке кәсіпке иелік ететінін сұрады. Облыс әкімі жылжымайтын мүлікті жалға берумен ғана айналысатынын, мұның барлығы кіріс туралы есепте көрсетілгенін және қалаған адам тиісті органнан құжат сұратып, кірісі туралы ақпарат ала алатынын айтты. 

“Мүлкін жалға беретін компаниялардан басқа компанияға менің де, әйелімнің де, балаларымның да қатысы жоқ”, – дейді облыс әкімі. 

“Онда мұндаша көп ақша қызыңызда қайдан жүр?” деген журналист сұрағына өңір басшысы “Менің қызымда сіздің жұмысыңыз болмасын” деп жауап берді.

“Өз қызыңыз болса, сонымен айналысыңыз. Қызым жақында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтап, диплом алды. Ол Қазақстанға келіп жұмыс істейді. Өзі келгенде көрерсіз. Қызымда ақша түсетін банк картасы бар. Есепшоттағы әрекеттерді тексеріңіз, не кедергі? Бұл – қалыпты дүние”, – дейді Нұрлан Ұранхаев.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде кез келген адам түрлі нәрсе жаза алады. Сондай-ақ әкім қызында брендтен қымбат бұйымдардың жоғын айтты.

“Ол – қарапайым студент. Соған сәйкес өмір сүреді. Пәтерді жалға алады, жатақханада тұрмайды. Көлігі жоқ, чартерлік рейспен ұшпайды. Миллион теңге тұратындай не көрдіңіз? Менің ойымша, суреттерге қарап баға берудің қажеті жоқ. 20 миллион теңге тұратын сөмке ұстамайды. Жай ғана біреулер айтқысы келген. Өзіңіз білесіз, қазір дұрыс әрекет жасаған жағдайда кез келген назарды аударуға болады”, – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін, Абай облысының әкімінің қызы Мәриям Ұранхаева үнемі джет ұшақтарымен ұшып, шетелдерде демалып, сауық-сайран салып жүретіні де желіде тараған еді.

Без категории

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова сұхбат беріп, өз өміріндегі өкінішті сәттерін айтты, деп хабарлады madeniportal.k...