Айнұрдың айтуынша, бұл ауылдық жерде жаз мезгілінде орын алған.
Бір күні осылай ұйықтауға жататын кезде қатты жел тұрып, көрпем ашылды. Сосын жаныма біреу келгендей болды. Алғашында бұл нәрсеге мән бермей, тілімді кәлимаға келтіріп жата бердім.
Алайда бұл оқиға күннен күнге күшейе берді. Ол адам маған күнде келетін болды. Содан мен ол кісінің кім екенін білу үшін сөйлесіп көрмек болдым.
"Ол адам көзім жаңадан ілінген кезде келетін. Түсіме кіріп, өңімде келгендей болады. Алайда оның жанымда жүргенін сезетінмін. Онымен сөйлесетінмін.
Содан бір күні келіп, маған "Сенің бұлай жүруіңе болмайды. Менің әлеміме кетуің керек" деген әңгімені бастады.
Мен ұзақ емделдім. Осыдан кейін әлгі жігіт маған келуді қойды. Біз кейін ол ауылдан көшіп кеттік", - дейді Айнұр.