Екінші жарыс күнінде автокөліктің ипподромға жақын келуі салдарынан оқыс оқиға бола жаздаған. Бұл ту...
Астанаға бара жатқан жүкті әйел пойызда босанып қалды
Ашық дереккөз
Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-Астана» пойызында сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлады madeniportal.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталған. Сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады.
«Пойыз бастығы Гүлшат Қаракұлова мен жолсерік Анара Адамбаева жедел түрде барлық қажетті шараны қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді», - деп мәлімдеді Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.
Еске сала кетейік, соңғы 3 жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.