Мистикалық қызметтерді жарнамалауға тыйым салынады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Айна
305

Қырғызстанда құмалақшылар, көріпкелдер мен бақсы-балгерлерді жарнамалауға ресми түрде тыйым салынды.  Заңнамаға тиісті өзгерістерге Республика президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі Қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Заңның мақсаты – өз пайдасын көру үшін белгілі бір міндеттерді шешуді ұсынатын қандай да бір жасырын, сиқырлы әрі басқа да жалған тәсілдермен қызмет көрсету саласындағы азаматтардың халық санасын манипуляциялауын болдырмау", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін түзетулерді парламент мақұлдаған болатын. Олар жасырын мистикалық қызметтерді және оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салуды көздейді.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...