Әкім тұрғынға қарсы күш қолданған

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Айна
256

Ауыл тұрғынына қарсы күш қолданып, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін бұзды деп айыпталған Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Өңір әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.

"Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал шыққан. Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының Полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде. Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады", - деді облыстық әкімдікте.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппаратының басшысына қабылдауына барады. 

"Тұздыбастау ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Барлық мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...