Аудан халқына заңды түсіндірді

Жаңалықтар
2190

 Жуырда ғана Атырау облысының Әділет департаменті Құрманғазы ауданының халқымен кездесу ұйымдастырды. 



Кездесуде Елбасы Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеу насихатталып, оған қоса тұрғындар өз құқықтары жайлы бірқатар пайдалы ақпараттар алды. Жиынға облыстық Әділет департаменті жанындағы Әділет органының қызметкерлері, Адвокаттар алқасы, «Нұр Отан» партиясы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік еңбек инспекциясы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» акционерлік қоғамы сынды мекемелерден ресми өкілдер қатысып, Құрманғазы ауданынының тұрғындарына кеңестер берді. 


Кездесу барысында  «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң толықтай түсіндірілді. Сондай-ақ, аудан халқына жұмыссыз жандарды жұмыспен қамтитын мемлекеттік бағдарламалар туралы, тұрғын үй мәселелесін шешудің жолдары жайында  жан-жақты толымды ақпараттар берілді. 


А. Сейілова

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қазақстандық трансгендердің соққыға жығылған видеосы  тарады, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп...