Талапкерлер үшін тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Жаңалықтар
257

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік тамыздағы ҰБТ сертификатымен ақылы оқуға түсуге болады
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсуге мүмкіндік алу үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестілеуден өтушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тамыздағы ҰБТ-ға қатысушылар:

2024 жылғы мектеп және колледж түлектері;
мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
қандастар;
шартты түрде оқып жатқан студенттер;
басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;
басқа мамандықтан педагогикалық мамандыққа ауысуға ниетті студенттер.

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...