Орал қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
455

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің түлегі. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінде білім алған. Әлеуметтану ғылымдарының магистрі. 

Еңбек жолын 2007 жылы үкіметтік емес ұйымдарда бастаған. 

2013-2014 жылдары – Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы; Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы; 

2014-2016 жылдар аралығында Орал қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы; Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы, облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы; 

2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы; 

Ал 2018 жылдың наурызынан бүгінге дейін Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, 

«Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан

www.egemen.kz

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...