Туысының бұқаларын ұрлаған

Фотосурет polisia.kz сайтынан алынды

Оқиға
508

Түркістан облысында туысының бұқаларын ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі polisia.kz сілтеме жасап.

Сайрамдық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады. 

Белгілі болғандай, 3 бас бұқасын ұрлаған жәбірленушінің туысы болып шықты. Яғни ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын алып кеткен. Содан бір бас бұқаны мал базарға сатып үлгерген.

Тәртіп сақшылары қолды болған 2 бас бұқасын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 


Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...