Алматыда жол опырылып түсті

Оқиға
317

Алматыдағы Жамақаев көшесінің бойындағы жол опырылып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: Данияр Омурзаков

Оқыс оқиғаға қатысты Медеу ауданының әкімдігі түсінік берді.

"Топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесіндегі жол жиегі жартылай бүлінді. Диаметрі 100 мм су құбыры мен кәріз құбыры ішінара зақымданды. Жеке инженерлік желілер жартылай зақымданды. Бұған дейін үзіліп қалған су беру жүйесі қалпына келтірілді", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Мамандар оқиға орнын тексеріп, оның салдарын жойып жатыр.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...