Ақтаудағы банктердің бірінің инкассаторы қызметтік қарудан басына оқ атып, мерт болды. Ол банктен 10...
Үйіне от қойған ер адам өзіне қол жұмсады
Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан алынды
Таразда ер адам өз үйіне от қойған. Сол кезде үйде болған әйелі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейіннен үйдің маңынан отағасының мәйіті табылды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.
«54 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі өз үйінің маңынан табылды. Денесін күйік шалған әйелі ауруханада қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды», — делінген Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде түнгі 22:59 кезінде Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты.
Аумағы 100 шаршы метрді құраған жалынды сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 15 адамы, 4 техника жұмылдырылды.
«Өрт 23:32–де сөндірілді. Өрт орнынан 1 газ баллоны шығарылды. Жедел жәрдем көлігімен термиялық күйікпен ауыр жағдайда 1980 жылы туған әйел адам ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала себебі — қасақана өртеу. Осы өртке қатысты жиналған құжаттар екінші полиция бөліміне берілді. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды», — делінген облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметі таратқан релизде.
Алайда күйік шалған әйелдің бүгін таңертең көз жұмғаны белгілі болды.
«1980 жылы туған науқас Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне 2-3-4 дәрежелі термиялық күйікпен 30 шілде күні сағат 23.24-те келіп түсті. Күйік дененің 98 пайызын шалған. Тыныс алу жолдарының күйігі — 2-3 градус. Науқас 31 шілде күні таңғы сағат 07:10–да қайтыс болды», — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген ақпаратында.