Елдос Сметов Олимпиада ойынын жеңіспен бастады

Жаңалықтар
596

Париж Олимпиадасында бүгін татамиге шыққан қазақстандық Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол 60 келіде сынға түсіп, бірінші кездесуінде Нидерланд балуаны Торние Цакаджоені ұтты. Екеуара белдесу негізгі уақытта тең аяқталды. Төреші Сметовке екі рет шидо берсе, қарсыласы бір ескерту алды. 

Алайда шешуші сәтте Елдос қапы қалмай вазари ұпайын иеленіп, келесі кезеңге шықты. Айта кететін жайт, Нидерланд балуанын Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде ұтқан. 

Енді қазақ дзюдошысы келесі айналымда украиналық Дильшод Халматовпен күреседі. Оны жеңсе Сметов ширек финалға жолдама алды. 

Жаңалықтар

Бүгін Астана қаласында биылғы жылдың маңызды спорттық іс-шараның бірі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер...

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...