Әлеуметтік желіде Гүлнар есімді әйел адам қазақстандық әйелдерге үндеу жасады, деп хабарлайды &ldquo...
Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылуда
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ қауымдастығының президенті Әділет Барменқұлов Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Б.Әбдіғалиұлы 2023 жылдың наурыз айында басталатын футбол бойынша Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысуға өтінім беру үшін Ұлытау облысының құрылатын футбол командасы барлық күш-жігерін жұмсау керектігін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс бюджетке қосымша жүктемесіз «Қазақмыс» корпорациясының инвестициялары есебінен жүргізілетін болады.
А.Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясы облыс әкімдігіне қажетті әдіснамалық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Жұмыс бірден үш бағытта басталады: облыстық футбол федерациясын ашу, кәсіби футбол клубы мен балалар-жасөспірімдер академиясын құру. Ол үшін қолданыстағы инфрақұрылымды бағалау және негізінен жергілікті кадрларды даярлау қажет.
«Қазақмыс Барлау» ЖШС Бас директоры Ғ.Нұржанов футболдың өңір үшін зор әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, Корпорация жаңа футбол клубына және жалпы спорттық инфрақұрылымға барынша жәрдем көрсететінін айтты.
Жұртшылық пен БАҚ өкілдері ҚФФ өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, спорттың осы саласының келешегін талқылауға мүмкіндік алды.
«Біз аула клубтарының санын көбейтуіміз керек. Сонымен қатар, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында футбол алаңдарының санын көбейтуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті өңір басшысы. Кәсіби футболға ғана емес, бұқаралық футболға да баса назар аударылатын болады.
Қазіргі уақытта облыстың екі қаласында және бір ауданында ғана футбол секциялары бар екені атап өтілді. Онда барлығы 930 жасөспірім футболмен айналысады. Жезқазғанда футбол секциясы тек бір спорт мектебінде бар.