STRANGER шоуы екі күн өтеді

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

МУЗЫКА
220

Билет операторының мәліметі бойынша, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы STRANGER атты жеке концертіне тек қазакстандықтар ғана емес, Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік жене Оңтүстік Американың, 50 елінен 9 мыңнан астам көрермен жиналатыны туралы хабарлайды.

Қазақ мәдениетіне деген осындай ерекше қызығушылық болғанына біз шын жүректен қуаныштымыз. Көпшіліктің сұранысы бойынша STRANGER шоуы 13 қыркүйекте ғана емес, сонымен қатар келесі күні де өтетіні туралы қуанышты хабармен бөлісеміз.

Сіздерді 13 және 14 қыркүйекте «Astana Arena» стадионына шақырамыз. Музыка арқылы бірлік пен татулық көңіл-күйін қалыптастыру үшін қолдарыңызда өз мемлекеттерініздің шағын туын немесе мемлекеттік рәміздер нышанын ұстап жүрсеңіздер - Димаш шығармашылығына деген құрметтің ерекше белгісі болар еді.

Жақында екінші концерттің билеттері сатылымға шығады. Біздің сайтты бақылап отырыңыздар.


Ticketon.kz ресми билет операторы

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...