«DALA DAUYSY» конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді

МУЗЫКА
696

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында 20 желтоқсан күні сағат 19.00-деРеспубликалық «DALA DAUYSY» конкурсының  жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау салтанаты және Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен ГАЛА-КОНЦЕРТ өтеді.



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жаңа өнер туындылары авторларын қолдауға бағытталған республикалық «Dala dauysy» конкурсын жариялаған болатын. Конкурсқа қатысу үшін биыл 15 қазан мен 25 қараша күндері аралығында 200-ден астам өтінім келіп түсті.

Республикалық «Dala dauysy» конкурсының негізгі мақсаты -  мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері бағытында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау.

Конкурста 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалды:

«Үздік фольклорлық музыка»;

«Үздік классикалық музыка»;

«Үздік драматургиялық туынды»;

«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы»;

Эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2  арнайы жүлдесі.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы жабық түрде анықтады. Яғни қазылар алқасы шығармаларды кім жазғанын білмейді, себебі авторлар байқауға бүркеншік есіммен қатысқан.

Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсының  жеңімпаздары мен лауреаттары 20 желтоқсан күні өтетін марапаттау салтанатында жарияланады. Кеш Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен жалғасады.


Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...