Димаш Құдайберген Қытайда жаңа әнінің тұсауын кесті

Фото: dimashnews.com

МУЗЫКА
338

Қытайдың Hunan TV каналында көрсетілетін өте әйгілі жобалардың бірі I am a Singer-дің гала-концертінде Димаш Құдайберген «Angel Love» атты жаңа композициясын орындады. Бұл жоба қазіргі таңда жай ғана Singer деп аталады. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бұл жобаның 2017 жылғы қатысушысы. Қытайда, үлкен жобаның гала-концертінде тұсауы кесілген бұл әннің музыкасы мен сөзін қазақтың белгілі композиторы Ренат Гайсин мен ақын Қалқаман Сарин жазған. 

Туындының аранжировкасын Ренат Гайсин дыбыс продюсері Ерлан Бекчуринмен бірлесіп жасады.

Димаш арнайы қытай көрермендері үшін қазақ және қытай тілінде ән шырқады. Қытай тіліндегі мәтіннің авторы — Лин Вэй Вейлим. 

Оқиға

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова сұхбат беріп, өз өміріндегі өкінішті сәттерін айтты, деп хабарлады madeniportal.k...