Этникалық қазақ Париж Олимпиадасын аяқтады

Руслан Абдуллаевтың инстаграм желісіндегі парақшасынан алынды

Спорт
296

Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан Өзбекстан атынан сынға түскен қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев ширек финалда жеңіліс тапты.

63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қандасымыз ширек финалдық бәсекеде Панамерика ойындарының чемпионы, канадалық былғары қолғап шебері Уайатт Сэнфордке жол беріп қойды. 

Руслан Абдуллаев – 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарған.  Бокстан Өзбекстанның ерлер командасы толық құрамда (7 боксшы) ширек финалға шыққан болатын. Осылайша, қазіргі уақытта бокстан Өзбекстанның ерлер құрамасынан бір ғана боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...