“Ешкім ешнәрсеге бас қатырғысы келмейді": Бақыт Сәрсекбаев қазақ боксындағы мәселелерді атады

Бақыт Сәрсекбаевтың Instagram парақшасынан

Спорт
720

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұқбатында Қазақстан боксындағы мәселелерді атап, түбегейлі реформа керегін айтты.

“Федерация тарапынан дұрыс жұмыс жүргізілмейді. Қалыптасқан жақсы бір жүйе, ортақ мақсат жоқ. Ұлттық құра­маның бапкерлер құрамы нашар. Облыстық ұйымдар қол қусырып отыр. Ешкім ешнәрсеге бас қатырғысы келмейді. Бұл саланың бұрынғы басшылығы тұсында әр өңірдің федерациясы бір-бірімен жарыса жұмыс істеп, нәтиже шы­ғаруға талпынатын еді. Әрқайсының өз демеушілері болатын. Жаттықтырушылар лайықты жалақы алып, боксшыларды ынталандыру жағы да назардан тыс қалмайтын. Қазіргі жағдай мүлдем басқа. Көптеген облыстан тегеурінді былғары қолғап шеберлері шықпай жатыр. Кейбір жерлердегі жағдай тіптен мүшкіл", - деп пікір білдірді Бақыт Сәрсекбаев. Сондай-ақ Бақыт Сәрсекбаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында бәсекелестік жоқ екенін алға тартты. "Жер­гілікті федерациялардың да көп нәрседен көңілдері қалғанға ұқсайды. Себебі ұлттық командада бәсекелестік жоқ. Өз­деріңіз байқасаңыздар, байрақты бәсе­келерге үнемі белгілі бір спортшылар ғана барады. Сол санаулы ғана боксшыны әр жарысқа тықпалай береміз. Оның қажеті бар ма, жоқ па, оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Ал шынайы бәсекелестік болмаған жағдайда көрсеткіштің де құлдырайтыны белгілі. Еліміздің бірінші нөмірлі бокс­шылары олардың өкшелеп келе жатқан жуан жұдырықты жігіттердің барын әр күн сайын сезінуі керек. Сонда ешкім босаңсымайды, барлығы да үнемі бабында жүреді. Осы жағдайды федерация басшылығы мен бас бапкер өз бақылауларында ұстап, үнемі қадағалап отыруға тиіс. Бірақ ұлттық құраманы жаттықтырып жүрген бапкерлер тарапынан ондай іс-қимыл байқалмайды", - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...