“Күзетші болып жұмыс істеймін”: танымал қазақстандық зілтемірші мұңын айтты

Видеодан скрин

Қоғам
315

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешев қазір күзетші болып жұмыс істеп жүргенін айтты. Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұхбатында айтты. 

"Ердің басына күн туса, етігімен су ішер" дейді ғой. Қазір соны бастан кешіріп жатырмын. Көтерілсең бәрі қолпаштайды, бір сүрінсең бәрі жек көріп кетеді. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Қолымнан келгеннің бәрін істедім. 230 килограмды көтере салу деген оңай емес. Допинг деп жатады, бірақ ондай салмақты басыңнан асыру оңай емес. Соны көтердік. Қазір омыртқамның төрт жерінен жарам бар. Не айтамын, қазақ халқын жақсы көремін, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Сүрінсең қасыңда ешкім болмайды екен. Сол қорлыққа шыдамай Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Альберт Линдер де арамыздан ерте кетті. Кезінде үкімет бізді пайдаланды. Туды көтердік. Одан кейін ешкім болмай қалдық. Неге олай? Денсаулығымызды бердік, омыртқадан омыртқа, тізеден тізе қалмады", - деді спортшы.
Алмас Өтешев әлем чемпионатында күміс жүлде еншілегеннен кейін мемлекет тарапынан өтемақы алып отырмағанын айтты.
"Қазір Алматыда күзетші болып жұмыс істеп жатырмын", - деді ауыр атлет.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...