Елордада бір түнде 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қоғам
158

Астанада  қар тазалау жұмыстарына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

14 наурыз күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 1200-ге жуық арнайы техника мен 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты.

13 наурыздан 14 наурызға қараған түні елордадан 1 500-ге жуық ауыр жүк, яғни 20 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басынан бері полигондарға барлығы 462,7 мың жүк көлігінің көлеміне тең 6,26 млн текше метр қар жеткізілді.

Қалада қар тазалау тәулік бойы жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау сұралады.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...