"Ешкімді ұрып, құлатып ұта алмайсың" - Мырзағали Айтжанов

Фото: kfb.kz

Спорт
285

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан жеті боксшының ішінен тек Нұрбек Оралбай Олимпиаданы жалғастыратын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz

Олимпиадада бақ сынап жатқан боксшылар бірінен соң бірі ұтылып жатқанына түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бірі "тек мықтылар барған" десе, енді бірі "дайындық аз, көрініп тұр" деп сынға да алып жатыр. Халықтың пікірі де екіге бөлінді. "Жеңіске жетсе қолдап, жеңілсе тек мін іздеуді қою керек" деген пікірлерге қарсы ойын жеткізіп жатқандар да жоқ емес. Бұл жағдайға қатысты Мырзағали Айтжанов та өз ойын айтты. 

"Бұл Олимпиада біз үшін өте сәтсіз болды. Жігіттердің бәрі нашар жұдырықтасқан жоқ. Ешкімді кінәламаймын, боксшыларымыз барын салды. Бұл – Олимпиада, осал қарсылас жоқ. Көп жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталып жатыр. Тек мықтылар іріктеліп келген. Ешкімді ұрып, құлатып ұта алмайсың. Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен бірінші, екінші раундта ұтып тұрды. Үшінші раунд тең дәрежеде өткен шығар. Бірақ жеңіс бізге бұйырмады", - деді Айтжанов "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында. 

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов "Төрешілер тарапынан белден басу болды ма?" деген сұраққа: 

"Оны айта алмаймыз, бірақ көзге көрініп тұр ғой. Енді не істейсің бермесе?", - деп жауап берді. 

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...