Эстониядағы турнирде қазақтандық мәнерлеп сырғанаушы күміс жүлде алды

Сурет: ҰОК

Спорт
309

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады madeniportal.kz ҰОК-ға сілтеме жасап.

 

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.

 

Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.

Қоғам

Елімізде жалғызбасты әкелердің саны 70 мыңнан асады , деп хабарлады madeniportal.kz. Саят есімді жа...

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...