ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістанға іссапары барысында "Әзірет Сұлта...
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралды
Фото: gov.kz
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
Туризм және спорт министрлігі екі облыстың үміткеріне келісім берді.
“Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті. Отырыста Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған екі үміткердің кандидатурасы қарастырылды”, делінген ведомство хабарламасында.
Осылайша, комиссия шешімімен Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бұған дейін Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болған Азамат Имашевтың кандидатурасы бекітілді.
Жиында сөз сөйлеген министр Ербол Мырзабосынов енді облыстық спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған үміткерлер Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асырылатынын атап өтті.