Алматы облысында бірге ішімдік ішкен азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар жаға жыртысып, артынша күйеу...
Нұрбек Оралбайдың неге үйленбей жүргені белгілі болды
Фото: инстаграм @oralbay_nurbek
Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Тележүргізуші Динара Сәтжанның Late night show жобасында боксшылар Айбек пен Нұрбек Оралбай қонақ болды. Сұқбатта спортшылар жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Жүргізушінің жеке өмір туралы қойған сұрағына жауап берген Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қазіргі сәтте жүрегінің жартысын әлі жолықтырмағанын, іздеп жүргенін айтты.
"Жүрегім бос әлі. Өзіме ұнайтын қызды әлі таппадым. Екеуміздің де мақсатымыз Олимпиадаға қатысу болғаннан кейін Айбек үйленген соң дайындыққа кірісіп кеттік. Ол кезде қызға уақыт болған жоқ. Мақсатымыз олимпиада медалі, дайындық, жаттығу болды. Уақыт та болмады, қызбен сөйлесетін. Қазір уақыт бар. Қыз іздеп жүрмін", - деп жауап берді Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай.