Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан қуылды

Сурет: kfb.kz

Спорт
731

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлады madeniportal.kz.

"ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитет мақұлдаған Қазақстан бокс федерациясының шешімі бойынша бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, сондай-ақ ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратта Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалғаны да айтылған.

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлш...