Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып кетті

Сурет: qaz-media.kz

Қоғам
336

Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлады madeniportal.kz Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

Ырғыз өзенінде шомылып жүрген бір отбасының 4 адамы суға батып кетті. Олар: 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам.

Айта кетейік, ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Мәйіттерді іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысып, оларды судан шығарды.

ТЖД тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...